Пара алды деген судья куәгер ретінде жауап беруде

Диас АЛТАЙ

facebook.com

Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованың үстінен қылмыстық іс қозғалған жоқ деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Бұған дейін алаяқтық жасады деген күдікке іліккен Светлана Жолманова куәгер ретінде жауап беріп жатыр екен.

-"Мені ешкім қамауға алған жоқ және маған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жоқ. Бұл іске куәгер ретінде қатысамын. Миллиондаған долларға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды және жала жабу. Ал БАҚ беттеріндегі ақпарат маған қысым көрсетудің тәсілі"- деді Светлана Жолманова.

Сондай-ақ ол ешқашан пара алмағанын, ал, кабинетінен табылған 10 мың доллар қылмыстық іске қатысы жоқ жеке жинағы екенін айтты. Мұншалықты көп соманы жұмыс кабинетіндегі сейфте сақтап, тінту болған күні ипотекаға пәтер алу үшін банкке апармақшы болдым деп түсіндірді.

Естеріңізге салайық, оншақты күн бұрын әлеуметтік желілерде Медеу аудандық сотының судьясы ірі көлемде пара алды деген ақпарат тарған. Тіпті кабинетінен 10 мың доллар, ал , үйінен 2,8 миллион доллар табылғаны ел арасында желдей ескен. Бұдан бөлек судья құрылыс компаниясынан 1,1 миллион доллар пара алды делінген. Бірақ, Медеу аудандық соты, Светлана Жолманова "біреудің ығына жығылып, соның пайдасына шешім шығарғаны үшін алаяқтыққа барды"-деп ресми ақпарат таратты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров