Жаңа баспана тамыз айында беріледі

Экспресс К

Әлейметтік желіден

Риддер тұрғындарымен жүздескен облыс басшысы Даниал Ахметов үйсіз қалғандарға жаңа баспананың кілтін тамыз айында табыстайтындығын мәлім етті. Соңғы ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын 31 үйді жалмап өткен. Тілсіз жаудан аман қалғандардың электржабдықтары қалпына келтіріліп, аула жолдары тазалануда.

Облыс әкімі өртеніп кеткен үйлерді қайта тұрғызбайды. Өрт салдарынан зардап шеккендердің барлығына суқұбыры тартылған, ауласы бар сексен шаршы метрлік баспана тегін беріледі. Көмекке келген 5 құрылыс компаниясы тұрғын үйді Лесхоз елдімекенінен гөрі қала орталығына жақын орналасқан Ботаника ықшамауданынан салмақ. Әрқайсысы жеті үй салуға міндеттеме алды.

"Алғашында, құрылысы аяқталмаған тоғыз қабатты тұрғын үйді сатып алу жоспарланған. Көпқабатты үйдің құрылысы 1996 жылы салғырт жасалған және де қажетті коммуникацияларсыз салынған. Сондай-ақ, үй иесі әрбір шаршы метрі үшін 179 мың теңге сұрады. Ал, жаңа үйлер болса бюджетке аздаған шығын әкеледі",- деді Даниал Ахметов.

facebook.com / AkhmetovDanialkz
facebook.com / AkhmetovDanialkz

Зардап шеккендердің бірін Өскемендегі ауруханаға жеткізуге дайындалып жатқаны мәлім болды. Ал, екінші пациенттің жағдайы тым ауыр, ол әлі де Риддер клиникасының жансақтау бөлімінде жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров