Сенаторлар бір күндік табысын аударды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

ШҚО ғы Риддер қаласында болған өрттің салдарынан ондаған үй жалын құшты. Өрттің салдарынан адамдар да қаза тапты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мұндай күрделі кезеңде өртке ұшырағандарға қол ұшын беру үшін ауызбірлік танытудың маңыздылығын айтты.

Сенаторлар Ридерде зардап шеккендерге өздерінің айлықтарының бір күндік табысын аударды.

"Барлығы Мемлекет басшысының қадағалауында. Мемлекеттік органдар Риддерде апат шеккендерге қажетті көмектің барлығын жасайтын болады. Бұл үлкен қасірет. Мұндай сәтте барлығымыз бірлік танытып, көмекке зәру жандарға қол ұшын созуымыз керек. Сенат деутаттары мен өз атымнан апатқа ұшырағандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, өрттің кесірінен зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуін тілейміз", — деді сенат төрағасы.

Сенат депутаттары өздерінің бір күндік айлығын өрттен зардап шеккендер қорына аударуға шешім қабылдады. Қазір Мемлекет Президентінің тапсырмасымен, Үкімет пен ШҚО әкімдігі апатқа ұшырағандарға көмек көрсетіп, үймен қамтуға қарекет жасап жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров