Елбасы В. Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Express Qazaqstan

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бүгін Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдар қаза болған еді.

"Қазан қаласының №175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", — делінген жеделхатта.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров