Мектептегі трагедия: оқ атып адам өлтірген кім?

Express Qazaqstan

© ТАСС / Бейнеден кадр

Қазандағы №175 мектепте атыс болған жерде ұсталған жас жігіт жергілікті бизнесті ілгерілету институтына қарасты колледжде оқыған. Бірақ білім ордасынан сәуір айында шығарылды, деп хабарлайды «Экспресс К» «Интерфакске» сілтеме жасап. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Ильназ Галявиев колледждің 4 курс студенті болды. 2021 жылдың сәуір айында академиялық қарызына байланысты оқудан шығарылды. Оқу барысында өзін момын және жанжалшыл емес студент ретінде көрсеті.

деді агенттіктің ақпарат көзі.

Университет өкілінің мәлімдеуінше, ол әрдайым ұқыпты және сабырлы болды. Бірге оқыған курстас студенттер мен оқытушыларға құрметпен қараған.

Ильназ желтоқсаннан бастап оқу және өндірістік практикаларда болды, қаңтардан бастап колледжге келмеді. Топ кураторымен де байланысты үзді. Өндірістік тәжірибені және үш мемлекеттік емтиханды қорғауға келген жоқ, соның үшін оқудан шығарылды.

деп толықтырды баспасөз қызметінің маманы.

Бұған дейін сейсенбі күні таңертең Қазан қаласындағы №175 мектеп атыс болғаны хабарланған болатын. Қала әкімдігінің мәліметінше, жеті бала мен мұғалім қайтыс болды.

Тағы 18 оқушы ауруханаға жеткізілді, олардың алтауы өте ауыр жағдайда жатыр. Сондай-ақ, зардап шеккендердің арасында үш ересек адам бар.

Оқиға орнында 19 жастағы жас жігіт ұсталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазанда болған қайғылы жағдайға байланысты, Ресей президенті Владимир Путиннің атына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров