Жарылғыш зат қойылды: 175 адам эвакуацияланды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Елордадағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті: 175 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтандағы жеке мектептердің біріне жарылғыш зат орнатылды деген хабарламаға байланыс 175 адам эвакуацияланды. Бұл туралы "Экспресс К" қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Полицияның "102" нөміріне сағат 11.32-де Astana Garden School жеке меншік мектебінің электрондық поштасына білім мекемесіне жарылғыш зат салынғаны туралы хат келгені жөнінде қоңырау түсті. Шұғыл қызметтің бәрі дереу оқиға орнына жіберілді. Мектептен 175 адам эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", — делінген хабарламада.

Полиция Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2020 жылы осыған ұқсас 10 қылмыс тіркелген.

"Полиция қызметкерлері кінәлілерді анықтап, қолға түсірді. Қолға түскендер тиісті фактілер бойынша түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", — делінген департамент хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров