Бозбала мотоциклден аударылып көз жұмды

Express Qazaqstan

vk.com

10 мамыр күні Шалқар ауданынан 3 шақырым жерде «Иж Планета–5» маркалы мотоциклді жүргізген 9 сынып оқушысы аударылып, қайтыс болды.

15 жастағы жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізген және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ және басына шлем кимеген. Шалқар ауданынан 3 километр жерде рульді басқара алмай, оң жаққа қарай аударылған.

Бала стационарлық бөлімшеге жеткізілген. Алайда алған жарақаттарынан көз жұмды.

" Балаға велосипед, скутер немесе мотоцикл сатып алмас бұрын, жол ережесін түсіндіру керек. Алайда бұны ескере бермейді",- деді облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаз айларында мотоцикл, квадроцикл, скутер мен мопед секілді көлік құралдарының қатысуымен жол апаты жиі тіркеледі. Сондықтан тұрғындар барынша сақтанып, жол ережесіне бағынуы керек.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров