Қазақстан
Қ. Тоқаев В. Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
— Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.
Бөлісу