Қазақстан
Қазақстан Палестина-Израиль қатынасына алаңдаушылық білдірді


© РИА Новости
Соңғы 4 күн ішінде қақтығыстан бірнеше адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.
ҚР Сырқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.kz.
Қалыптасқан жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет.
Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз.
Сондай-ақ саяси, діни және қоғамдық көшбасшылары қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенетінін мәлімдеді.
Қазақстан тарапы Палестина-Израиль қақтығысының тек "Екі мемлекет" формуласы және БҰҰ-ның тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды.
Бөлісу