ШҚО
Шығысты тағы жалын шарпыды


ТЖД
ШҚО Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде өршіген өрт, бірталай үйді отқа орады, деп хабарлайды «Экспресс — К».
11 — мамыр күні сағат 16 : 48 де, Жаңа Бұқтырма кентіндегі шыққан өрт әп — сәтте 8 үй және дәмхана шатыры мен моншаны жайпап өткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға, жеке құрамның 51 маманы жұмылдырылып, 6 техника іске қосылған.Сондай — ақ, Серебрьянск, Алтай қаласынан өрт сөндіру техникалары тартылды.
Өрт сөндіру қызметкерлері мөлшермен 409 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынмен күресуде. ШҚО ТЖД — нің мәліметі бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Арнайы мамандар өрттің шығу салдарын анықтауда.
Бөлісу