Әйелін атып, немересін жаралады

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

СҚО-да 59 жастағы еркек әйелін атып өлтіріп, немересін жаралады. Оқ жарақатын алған 14 жастағы қыз Тимирязев аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қанды қылмыс 10 мамыр күні өңірдегі Тимирязево елді мекенінде болған. Сағат 17.00 шамасында сол ауылдың тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, көрші үйден атылған оқтың дауысы естілгені туралы айтыпты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары, үй ауласынан 59 жастағы әйелдің денесін тапты. Ал үйде оқ жарақатын алған 14 жастағы қыз болған. Жасөспірім дереу Тимирязев аудандық ауруханасына жеткізілді.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы үйдің отағасы ұсталды. Тергеу дерегінше, ол алкогольдік ішімдік ішкесін әйелімен жанжалдасып қалған. Ашуы тарқамағасын, "ИЖ" маркалы қарудан атқан. Салдарынан әйелі сол жерде тілге келмей көз жұмған. Ал, үйде бірге болған немересі жарақаттанды.

Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция департаменті, тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратқан жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров