КВИ-дан емделуге немесе қорғануға сиыр тезегін қолданады

Express Qazaqstan

© Reuters

Алайда, сиыр экскременттерінің мұндай емдік қасиетіне барлығы жаппай сене бермейді, бұл кері әсер етуі мүмкін деп санайды.

Үндістанда тұрғындар сиыр тезегін қолданудың жаңа әдісін тапқандай. Сиыр малының тұрағы болған бірқатар штат коронавирусқа қарсы ем-дом аймағына, яғни соған сенім ретінде қарайтын зиярат ету орнына айналды, деп хабарлайды "Экспресс К" Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Көптеген үнділіктер аптасына бір рет осындай жерлерге барып, басынан аяғына дейін сиырдың тезегін үстілеріне жағады.

Фармацевтикалық компанияның кіші менеджері Гаутам Манилал Бориса осы бір КВИ-ден "емдеудің жаңа хаттамасын" қорғаштап сөйлеп отыр. Оның айтуынша, елдің медициналық қоғамдастығының көптеген өкілі осындай терапияны іс жүзінде қоданатын көрінеді.

"Біз байқап отырғандай, мұнда басқалармен қатар дәрігерлер де келеді. Олар бұл терапия адам иммунитетін жақсартады және науқастарды ешқандай үрейсіз емдеуге болады деп есептейді", — деді Манилал Бориса.

Ол былтыр осы жолмен COVID-19 дертінен емделгенін айтты.

Алайда, Үндістанмен қатар бүкіл әлем дәрігерлері мен ғалымдары COVID-19 емдік терапиясының баламалы әдістерін қолдануға тыйым салады. Олар мұндай емге деген сенім денсаулық саласындағы мәселелерді қиындатуы мүмкін екенін айтады. Себебі малдың көңінің тиімді екендігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ.

"Сиырдың тезегі мен зәрі COVID-19-қа қарсы иммунитетті арттыруға көмектесетіні туралы нақты ғылыми дәлелдер жоқ, бұл толық ішкі сезімге негізделген. Денсаулыққа қауіп бар: басқа аурулар жануарлардан адамға жұғуы мүмкін,"- деп ескертеді үнді медициналық қауымдастығының президенті Джей Джаялал.

Мұндай процедуралардың кері әсері болады және КВИ-дың одан сайын өршуіне сеп болуы әбден мүмкін екенін агенттік жазып отыр. Себебі адамдар осындай жерлерге топтасып жиналады.

Индуизмдегі сиыр — бұл қасиетті жануар, тіршілік пен жердің символы. Сондықтан ғасырлар бойы сиыр тезегінің емдік және антисептикалық қасиеттеріне сенеді. Өздеріне тән түрлі рәміздерді орындауда пайдаланып келген.

Десе де, көптеген жергілікті тұрғындары Ганг өзенінің киелі екендігін ұмыта бастағандай. Коронавирустан көз жұмғандардың денелерін кремацияға ұшыратпай, өзенге ағызып жатқандай. Оның жағасында қазірдің өзінде жүздеген адам денелері қалықтап жүр. Бусара ауданының судьясы Аман Самирдің айтуынша, индуизмнің дәстүрімен КВИ-ден қаза тапқандардың денелерін отқа жақпай тастағандар қатаң жазаланады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров