Шәкіртін оқтан қорғаған ұстаз мерт болды

Express Qazaqstan

nstagram.com / ignatevaelle

Қазан қаласындағы мектепте атыс кезінде оқушыны құтқарып қалған ұстаз, оқиға орында қаза болды, деп хабарлайды «Экспресс К».

Қазаға ұшыраған мұғалімнің бірі Эльвира Игнатьева. Ағылшын пәнінің мұғалімі 8 — "а" сыныбына сабақ өткізіп жатқан сәтте қаруланған адам кіріп келген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша мұғалім оқушының бірін құтқармақ болған. Ол оқ жаудырған қаныпезердің жолына қарсы тұрып, баланы қауіпсіз жерге итеріп жіберген.

Кеудесін оққа тосқан ұстаз сол сәтте қанішердің қолынан көз жұмған. Айта кетейік, Эльвира тірі болғанда 2 айдан кейін 26 жасқа толар еді. Сондай — ақ, ол 3 жыл бұрын "Жыл ұстазы" байқауында екінші орын иеленген. Білім ошағы әкімшілігі өкілінің айтуынша, ажал құшқан мұғалім мектепке жұмысқа тұрған жылы, атыс шығарған Ильназ Галявиев білім ордасын тәмамдаған екен.

nstagram.com / ignatevaelle
nstagram.com / ignatevaelle

Оқытушы оқ атқан 19 жастағы қырғын салушыға ұстаздық етпеген.

Еске сала кетейік 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласында мектептің бірінде атыс болып, қайғылы оқиғада 7 оқушы және 2 мұғалім көз жұмған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров