Риддерліктерге арналған қайырымдылық шаралары басталды

Express Qazaqstan

ТЖД

Орман өртінен үйсіз қалғандарға жан — жақтан көмек көрсетілмек, деп хабарлайды, «Экспресс — К».

Тілсіз жаудың кесірінен шаңырағы ортасына түскен 81 адам жаңа баспананы күтеді. Олар қазіргі таңда Риддердегі қонақ үй мен колледж жатақханасына орналастырылған. Аталмыш қаладағы тау кен комбинаты баспанасынан айрылған әр отбасыға 1 миллион теңгеден көмек бермек.

Еске салайық, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы қаулы қабылдады.

Осы орайда, Шығыс Қазақстан облысында арнайы қорлар құрылып, қайырымдылық акциялары басталған. Жиналған қаржы Риддердегі тілсіз жаудан жапа шеккен тұрғындар баспанасын қайтара жөндеуге жұмсалады.

Сондай — ақ, облыс бойынша өршіген өрттен жапа шеккендерге гуманитарлық көмек науқаны ұйымдастырылды. Баспанасыз қалған жандарға жәрдем беруге бағытталған қайырымдылық шараларына еріктілер де ерекше қолдау танытуда. Айталық, Семей қаласындағы

"ЛИДЕР. KЗ" еріктілер тобы бірқатара ілкімді істер атқаруда. Арнайы топ қала тұрғындарын әлеуметтік жауапкершілікке шақырып, қолдан келгенше көмек берулерін сұрайды.

Әлия Рахымбаева

"ЛИДЕР. КЗ"

Еріктілер тобының мүшесі:

— Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қазір риддерліктерге қол ұшын созу қажет. Осы тарапта біз де қайырымдылық шарасына ат салысқымыз келеді. Біз қала тұрғындарын бірігуге шақырамыз.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров