Жаңа бордақылау алаңы іске қосылды

Express Qazaqstan

© ЭК

Арқалықта ет өңдейтін кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін тағы бір бордақылау алаңы іске қосылмақ.

Қазірдің өзінде "Арқалық-Айдар" ЖШС мал шаруашылығы кешенінде төрт түліктің бәрі өсіріледі. Кешеннің көлемі 9 мың шаршы метрден асады деп жоспарланған. Бұл жерде құрылыс әлі толығымен біткен жоқ. Өткен жылы 500 қара малға арналған қораның жұмысын толығымен бітіріп, мал кіргізген. Әрі қарай тағы осындай 500 ірі қараға лайықталған жылы қораның құрылысы аяқталды. Сонымен бірге малды жаз мезігілінде сыртта ұстау үшін әрқайсының сыйымдылығы 250 басқа арналған 6 алаң дайындалса, биыл тағы осындай 6 алаңды салу жоспарланып отыр.

© ЭК
© ЭК

"Бордақылау кешенінде бір мезетте 7 500 бас ірі қара жемдеуге болады. Яғни, семірту алаңына 2 мың басы репродуктор, бес жүзі асыл тұқымды бұқа және бес мың ірі қара кіргізілмек. Мал азығына қажетті екпе дақылдары серіктестіктің өзінде өсіріледі. Жоба толық іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, "Торғай Ет" ЖШС-ін жылына 3 мың тонна өніммен қамтамасыз етеді", — дейді Арқалық қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Руслан Құлетов.

© ЭК
© ЭК

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров