Газа секторындағы қақтығыс өршіді

Express Qazaqstan

iz.ru

ЦАХАЛ «Қорғаныс бекінісінің» соққысына ХАМАС «Әл-Құдыс семсері» операциясымен жауап берді

Израиль қорғаныс армиясы Газа секторына 11 мамырда бастаған "Қорғаныс бекінісі" ("Шомер А-Хомот") деп аталатын операциясын жалғастыруда, деп хабарлайды "Экспресс К" newsru.co.il басылымына сілтеме жасап.

Операцияның бірінші күні Газа секторындағы нысандарға жүздеген соққы жасалды. Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігі ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланғанын хабарлады. Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, қаза болғандардың басым бөлігі — атысқа қатысқан топтардың өкілдері. Дегенмен қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Израиль БАҚ-ның хабарлауынша, ХАМАС "Әл-Құдыс семсері" ("Иерусалим семсері") әскери операциясы басталды. Әскери операция барысында екі тарап шамамен 1000 зымыран ұшырды. Шиеленіс Газа секторымен шекаралас аудандар ғана емес, сонымен қатар Иерусалим, Тель-Авив және Израиль орталығының басқа қалаларында да жалғасып жатты. ХАМАС 11 мамырда кешке шамамен бір сағат ішінде Израиль орталығына кем дегенде 130 зымыран атылғанын айтады.

Израильде 11 мамыр күні зымыран шабуылдарынан үш адам қаза болды. Ришон ле-Циондағы атыс кезінде бір әйел, Ашкелонда екі әйел көз жұмды. Қайтыс болғандардың арасында Үндістан азаматы бар. Сол сияқты ондаған израильдік жарақат алды.

Өз кезегінде Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф Аль-Кидра Газа секторында Израильдің әуе соққыларынан 20 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алғанын мәлім етті. Ол қаза тапқандардың арасында тоғыз бала мен бір әйел бар екенін айтады. Ал, Израиль қорғаныс армиясы бұл деректерді тексеру керек деп мәлімдеп отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров