Түркия Газа секторына жасалған соққыға назар аударды

Express Qazaqstan

aa.com

Атыс салдарынан жүздеген бейбіт тұрғындармен қатар балаларда қаза тапқан. Бұл туралы Түркияның баспасөз қызметі мәлімдейді, деп хабарлайды "Экспресс-К" "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

"Анкара көптеген адамның ғұмырын қиған Газа соққысын талқылауға кірісті. Қаза тапқан отбасыларға қайғыра көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Израиль палестиналықтардың өз үйлерінен Шығыс Иеруссалим мен Иордан өзенінің батыс жағалауына қарай қарулы күш қолдана отырып ығыстыруда. Сондықтан Палестина жеріндегі қақтығыстың күшеюіне тікелей Израиль жауап беруі тиіс", -деп хабарлайды сыртқы саяси ведомствосы.

Түркиянің СІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуніше, Израильдің басқыншылық және арандатушылық саясаты Таяу Шығыстағы қақтығыстың тоқтауы мен келісімге келуді жүзеге асырмайды. Олар осыны түсінуі қажет. Сонымен қатар, Израиль билігіне мына жайтты ұғынатын уақыт жетті. Олар таңдаусыз және тең емес күш қолдана отырып, өздерінің заңды құқықтарын асырып және палестина халқының талаптарын баса алмайды. Бұл жағдай, алдағы уақытта тек қана қақтығысты шиеленістіріп, аудандағы тұрғындар арасындағы жанжалды ушықтырады. Күш қолданудың кез келген түрінен дереу бас тарту қажет. Оның ішіне әскери күш көрсету де жатады.

Хабарламада Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың БҰҰ мен ислам ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ өзге де халықаралық платформада Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату мен Израильдің басқыншы саясатын доғаруға бағытталған қадамдары баса айтылған. Осы мақсатпен Мевлют Чавушоглу ислам ынтымақтастық ұйымының генеральді хатшысы Юсуф Аль-Усейминмен сондай-ақ әр елдегі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров