Мешіттердің ауласында айт намазы оқылады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Биыл еліміздегі мешіттерде айт намазының оқылуына рұқсат берілді. Бұл туралы «Экспресс К» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің ауласында Ораза айт намазы оқылатындығын (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз

делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ең бастысы мешітке келуші адам төмендегі сақтық шараларына мән беруі тиіс:

— Бетперде (маска) киіп келу;

— Үйден дәрет алып келу;

— Намаздан соң қол беріп амандаспау;

— Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

— Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

— Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз.

Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!

деп хабарлады еліміздің діни басқармасы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров