Бензин неге қымбаттап жатыр?

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Еліміздің Ұлттық банк төрағасы бензин бағасының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірді деп хабарлайды Экспресс К. Ерболат Досаев, жанармайдың қымбаттауына ішкі нарықтағы ұсыныстың азаюы мен мұнай өнімдерін тасымалдау құнының артуы себеп дейді.

Жыл басынан бері жанармай бағасының 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалды. Бағаның шарықтауына ішкі нарықтағы ұсыныстың азаюы мен мұнай тасымалдау тарифінің қымбаттауы себеп

деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Оның атйуынша сәуір айында еліміздегі инфляция деңгейі 7 пайыз деңгейінде сақталған. Ал, азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін төмендеген. Бұған нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және көкөніс бағасының арзандауы әсер етіпті.

Естеріңізге салайық, жыл басында халық ең көп тұтынатын АИ 92 маркалы бензиннің бір литрі 151-153 теңге көлемінде болған. Ал, сәуір айынан бастап АИ 92 жанармайының литрі орта есеппен 170 теңгеге бірақ көтерілді. Бұған Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы себеп дейді сарапшылар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров