Жаңа әуе рейстері іске қосылды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Түркияның Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуекомпаниялары Қазақстанның Шымкент және Түркістан қалаларынан Ыстамбұлға әуе қатынасын іске қосады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі сәрсенбіде.

Turkish Airlines 2021 жылдың 22 мамырынан бастап Ыстамбұл мен Түркістан арасында әуе қатынасын ашуды жоспарлап отырғаны хабарланды. Бастапқы кезеңде аптасына бір рейс орындалады.

Өз кезегінде Pegasus Airlines 23 мамырдан бастап Шымкент пен Ыстамбұл арасында тұрақты рейстерді қайта бастауға ниетті. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі аптасына бір рейсті құрайды.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарған сайын рейстер санын кезең — кезеңімен арттыру жоспарланғанын атап өткен жөн

деп толықтырды Индустрия министрлігі.

Рейстер санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 сәуірден бастап Қазақстан Түркиямен әуе қатынасын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқартады. Шешім Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес қабылданды.

Бұған дейін Қазақстанның Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы осы елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Түркияға рейстер санын қысқартуды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, күн сайын Түркияда 50 мыңнан астам жағдай тіркеледі, бұл Қазақстанға қарағанда 5,5 есе көп.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров