Депутат санитарлық дәрігерлердің қаулысына шүйлікті

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Депутаттар санитарлық дәрігерлер шығаратын қаулыны сынға алды,— деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған Мақсат Раманқұлов өңірлердің санитар дәрігерлері бекітетін шектеу шараларының миға қонымсыз екенін айтты.

"Ақ жол" партиясының өкілі, коронавирустың таралуына қатысты бекітілетін шектеу шараларымен келіспейтін кәсіпкерлер өте көп дейді.

"Жұмыстарына қатысты түрлі шектеулермен келіспейтін кәсіпкерлер партияға көп жүгінеді. Ол шектеулер экономикаға ғана емес, ақыл-ойға да қайшы келеді. Елде әлі де белгілі бір карантин аймақтарындағы шектеу шараларына қойылатын бірыңғай талаптар жоқ және әр аймақтың санитария дәрігерлері өз түсінігін ескере отырып шешім қабылдайды. Нәтижесінде, қойылған шектеулер кейде сандырақ театрын еске салады", — деді депутат.

Депутаттың мәліметі бойынша, елордада мейрамхана мен дәмханалардың жазғы алаңдары 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Теміртау қаласында мұндай орындардың 20.00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Нұр-Сұлтан да, Теміртау да "қызыл" аймақта, сонда Теміртаудың "қызыл" аймағы Нұр-Сұлтанның "қызыл" аймағынан қызылырақ па?

дейді Раманқұлов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер үшін шектеу шаралары түрлі қиындық туғызып отыр. Олар жұмыс уақытының қысқаруы салдарынан қызметкерлеріне жалақыны дұрыс төлей алмай, ғимаратты жалға алу ақысы мен салықты төлеуде қиналады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров