Түркия азаматы ақтөбелік полейцейге алғыс айтты

Express Qazaqstan

Әлейметтік желіден

Биыл сәуір айында «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолының бойындағы Ақсай ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. Шет ел азаматы жүргізген жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, аударылған. Көлік жүргізушісі Экрем Альптекин Түркиядан Қырғызстанға дәрі-дәрмек тасымалдау үшін жолға шыққан. Рульді игере алмай, ауыр жүк көлігі шұңқырға қарай аударылады.

Ал дәл осындай жүк көлігін жүргізген Экрем Альптекиннің серіктесі Қырғызстанға қарай кеткен. Экрем серіктесінің кері қайтуын күтем деп далада қалады.

Осы күндері, яғни жүргізущшінің серіктесі қайтып келгенге дейін, Ақсай ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Абылай Тәжин көмек көрсеткен. Жүргізушіге қажеттінің бәрін, яғни су, тамақ алып берген. Түскі асқа үйіне апарып, түнде демалатын орынмен қамтамасыз еткен.

Оқиға орнына Темір ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нұсқабек Зауланбаев барып, жағдайларын сұрап, жеке өзінің қадағалауына алған..

14 күннен кейін серіктесті Бішкектен оралды. Жүргізушілер тауарға тапсырыс берушінің көмегімен дәрі-дәрмектерді басқа көлікке тиеп, Бішкекке жіберді.

Осыдан кейін учаскелік полиция қызметкері кранды бекітіп, жүк көлігін кюветтен алып шығуға көмектесті. Себебі көлікті аударылғаннан кейін бірден көтеруге болмайтын болды. Өйткені тапсырыс беруші тауарды қабылдамауы мүмкін. Шаруасын аяқтаған Экрем Альптекин Түркияға кетті. Алғысын айтып учаскелік полиция инспекторы А.Тәжинге бейне жазба жолдаған.

"Ақтөбелік полицейлерге алғысымыз шексіз. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз.Абылайдың бізге көрсеткен барлық көмегі үшін алғыс айтамыз" деген Экрем.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров