Вандалдар Алаш арысының зиратын тас-талқан етті

Express Qazaqstan

© ЭК

Семейде қаскөйлер абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханұлының бейітіне ойран салып кеткен, деп хабарлайды «Экспрес-К»

Әр аптаның жұмасы сайын әке бейітіне саяқ шығатын Қанағат Мұхамедханов өткен аптада өзімен бірге туыстарын да ала барыпты. Алаш арысының бейіті қиратылып жатқанын көрген олар жағаларын ұстаған. Зират бейітіндегі ғалым бейнесі кескінделген тақтайша қаққа бөліп, жерге құлап қалған. Ғалым ұлының айтуынша, қаскөйлер зиратты осыдан он жыл бұрын да ойрандатып кеткен.

"Бұл оқиға тағы да қайталанып тұр. Менің әкеммен қатар тұрған бейіттер дін аман. Ал, әкеміздің зираты қиратылған қалыпта. Бұның барлығы қасақана жасалып жатыр. Кезекті вандализм! Он жыл бұрын да осылай болған. Бұдан да жаман. Ол кезде мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін зиратқа кім жауап беретіндігін анықтадық. Артынан зират Бесқарағай ауданына қарасты деген соң, сұрауды доғарған болдық. Қаланың Павлодар бағытына шығар жолындағы зиратқа жерленген соң қорымға жақын тұрған елдімекендерді де аралап көрдік. Нәтиже шықпады",- дейді ғалымның ұлы Қанағат Мұхамедханов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров