Грузияда қайтыс болған Ә. Айтпаеваның денесі елге жеткізілді

Express Qazaqstan

Әсел Айтпаева / Айтпаевтар отбасынан алынған фото

Грузияда белгісіз жағдайда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның денесі сәрсенбі күні ұшақпен Нұр-Сұлтан әуежайына жеткізілді.

Мәйіт қыздың туыстарына әуежайда тапсырылды.

ЭК хабарлағандай, 26 жастағы Әсел Айтпаеваны алыс туысы Грузияға жұмысқа шақырған. Мамырдың бесіне қараған түні бойжеткен Тбилисиде белгісіз жағдайда қайтыс болады. Тергеу органдары қыз өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін деген болжамды қарастырып жатыр. Дегенмен, туыстары қыз өзін өлімге қиғанына сенбейді.

Қыз өлер алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын естіледі. Бүгінде ол адам осы іс бойынша күдікті ретінде сұралып жатыр. Әселдің анасы болса, қызын автокөлікке айырбастауы мүмкін екенін айтып, Әселді жұмысқа шақырған күйеу баласынан жауап алынуын сұрайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров