Қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіледі

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда мектептерде Қазан қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілетін болады, деп хабарлады білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

"Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Бұл трагедия ешкімді бей-жай қалдырмады. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек", — деп жазды Аймағамбетов сәрсенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр ведомствода осы мәселе бойынша кеңес өткізілгенін хабарлады.

"Бұл жағдайға талдау жүргізіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық деңгейде қосымша кешенді шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, мамандандырылған күзет, күзеттік сигнализация мәселелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда қызметкерлер мен оқушылардың өздерін ұстай алуы және тағы басқа мәселелер", — деді ол.

Ол сондай-ақ әріптестерін "психологиялық қызметтердің жұмысына және оларға қолайлы жағдай туғызуға назар аударуға" шақырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров