Қалаулылар қауіпсіздік жайына алаңдады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Көршілес елдегі қайғылы оқиғадан кейін қазақстандық депутаттар ел мектептерінің қауіпсіздігіне назар аударды.

"Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары премьер-министр Асқар Маминге Қазан қаласындағы қайғылы оқиға біздің білім ошақтарына сабақ болу керектігін айта келіп, мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейту туралы өтініш білдірді.

— "Кеше Қазан қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғалар бәрімізді үрейлендірді, онда 19 жастағы жігіт оқушылар мен мұғалімді қырып тастады",-деген "Ақжол" партиясының депутаты

Андрей Линник мектептердегі күзет қызметін көбіне зейнет жасындағы вахтерлар атқаратынын айта келіп, Қазақстан үкіметінің 2015 жылғы сәуірде "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулы қабылдағанын еске салды. Бүгінде білім беру ұйымдары мен оған іргелес ашық аумақтар сондай нысандар қатарына енгізілгені белгілі. Осы қаулыға сәйкес, 3 мың орындық білім беру нысаны тек телевизиялық бейнебақылау жүйесімен қамтылғанын да сынға алды.

"3 мыңнан астам адам сиятын білім беру объектілерінде бейнебақылаудан басқа күзет сигнализациясы, бақылау, кіруді басқару және хабарлау жүйелері құралдары міндетті түрде болуы керек. Бары сол ғана ма? Қаулыны ұсынғандардың пікірінше, осы қауіпсіздік шаралары жеткілікті ме?!",- деп ренішін білдірді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда республика азаматтарының 18 жасқа толғанда азаматтық қару алуға құқығы бар екенін атап өтті. Бұл ретте, қаруға лицензия алу үшін есірткі- психдиспансерлерден есепте жоқтығы туралы стандартты анықтаманы ұсыну жеткілікті.

Осыған байланысты мәжіліс депутаттары білім беру нысандарын террористік пиғылдан қорғау талаптарын қатаңдату қажеттігін баса айтты. Сонымен бірге қару лицензиясын беру жасын да 18-ден 24 жасқа дейін арттыруды талап етті. Онымен қоса қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат беру үшін тиісті дәрежеде бақылауды күшейту керек деді.

Айта кету керек, сейсенбі күні Қазанда 19 жастағы Ильназ Галявиев бұрын оқыған №175 мектебінде оқ атқан. Тоғыз адам, оның ішінде жеті бала, мұғалім және мектеп қызметкері қайтыс болды. Тағы 18 бала мен үш ересек адам зардап шекті. Күдікті Галявиев ұсталды. Татарстанда 12 мамыр аза тұту күні ретінде жарияланды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров