"Бұл екі баланың төбелесі емес". Палестина елшісінің эксклюзивті сұхбаты

Express Qazaqstan

Жеке архивтен алынған сурет

Шығыс Иерусалимде палестиналықтар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс толастамай тұр.

ЭК тілшісі Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Монтасер Абузейдпен сұхбаттасты.

Елші кабинетінде теледидардан оқиға орнынан репортаждарды қалт жібермей қарап отыр. Дипломатқа тән емес, эмоциямен сөйлейді. Телефонында дамыл жоқ.

Қақтығыс Шейх Джаррахта басталды. Оған Израиль Жоғарғы сотының отырысы себеп болады. Сотта бірнеше палестин отбасын үйлерінен шығарып, олардың мүлкін израильдіктерге беру мәселесі қаралған.

7 мамыр күні кешке Ғибадатхана тауына қарай беттеп, жүзге жуық діндар жиналған.

Кеше елші Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Біз Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары орындалғанын қалаймыз. Бұл екі баланың төбелесі емес. Израиль қарарларды орындағысы келмейді. Бізде әлемнің алтын кілті бар. Сондықтан біз бұл Палестина халқына қарсы агрессия деп санаймыз, деп атап өтті елші.

Екі ел арасында проблема туындаса, олар сотқа жүгінеді, бұл жерде БҰҰ сот деп есептеу керек. Жуырда Трамп: Мен Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындаймын деген кезде, Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблея, бірден 118 мемлекет қарсы дауыс берді. Жағдайдың шешімі осы, дейді Монтейзер Абузейд.

Елестетіп көріңізші, сіз үйіңізге келген кезде, басқа елдің азаматы сіздің пәтеріңізге баса көктеп кіріп алды делік. Сіз оны құшағызды айқара ашып қарсы аласыз ба, әлде мүлкіңізді қорғаштай бастайсыз ба? Үлкен аңның кішкентайды жоюға хақы бар ма? Біз адамбыз. Сонда күші жеткен қалағанын тартып ала бере ме?

Палестина барлық қарарлардыды орындауға дайын екенін елші қайталап айтады.

Егер Израиль де орындайтын болса, онда екі ел де бейбіт өмір сүре береді. Палестинаға барғанда мен Израиль полициясына паспортымды көрсетуім керек. Өзіңіз елестетіп, көріңіз, сіз Нұр-Сұлтанға келгенде, өзге елдің полициясына құжатыңызды көрсетуіңіз керек.

Хазем Цвейд — екінші хатшы, Палестинаның Қазақстандағы елшілігіндегі консулдық мәселелер бойынша жауапты адам. Қазір Газа секторында консулдың анасы мен ағасы бар.

Мен оларға күніне үш-төрт рет қоңырау шаламын. Әрине, олар қорқады. Соғысты кім жақсы көреді дейсіз. Бірақ бұл соғысты біз өзіміз сұрап алмадық

дейді ол.

Оның айтуынша, адамдар үйлерде жасырынып жүр. Паналайтын жер жоқ.

Кеше біздің елдің дипломаттары жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысын Two State solution формуласы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде тек бейбіт жолмен әділ шешуді қолдайды.

деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров