Құжатсыз көлік басқарған жүргізуші апатқа ұшырап, төрт адам зардап шекті

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысындағы «Казнаковка - Көкпекті» бағытындағы автожолда көлік тізгініне ие болмаған жүргізуші кюветке аударылды, деп хабарлайды, «Экспресс — К».

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған Көкпекті ауданының 25 жасар тұрғыны жылдамдық режимін арттыру мезетінде көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың оң жақ жиегіне аударылған. Оқиға барысында, көлік ішіндегі 4 жолаушы зардап шекті. Олар әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда, көлік құралын басқарушы тұлғаға көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Рөлге ие болмаған азаматты 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, оған қоса 3 жылға шейін көлік құралдарын жолда жүргізу құқығынан шектеу көзделген.

дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров