Екі жұмысшы құдыққа құлап кетті

Диас АЛТАЙ

Бейнеден кадр

Арыс қаласында кәріз жүйесін тазаламақ болған екі жұмысшы сасық иіске тұншығып өле жаздады. Тереңдігі төрт метрлік құдыққа құлап кеткен оларға сол жерден өтіп бара жатқан азаматтар мен полицейлер дер кезінде көмек көрсетті деп хабарлайды Экспресс К.

Құдыққа құлағандарды құтқару операциясы учаскелік полицейдің кеудесіндегі бейнетіркеуішке түсіп қалған. Жұмысшылардың біреуі тынысы тарылып сыртта отырса, қаумалаған жұрт екіншісін арқанмен шығарып жатыр. Белгілі болғандай, кәрізді тазалауға келген екеу терең құдыққа түсе бергенде белдеріндегі арқан үзіліп кеткен. Құдықтың беткі жағына ілініп қалған бір жұмысшы тез шығарылса, түбіне түсіп кеткен екіншісін алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті. Тағы сәл жатып қалса сол күйі өліп кетуі мүмкін еді дейді мамандар. Сасық иіске әбден тұншыққан екі азамат та жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров