Бұрынғы қазақстандықтар шиеленіске куәгер

Express Qazaqstan

© AFP

Израиль мен палестиналықтар өзара жаппай зымыран соққыларымен атысып жатыр. «Экспресс К» редакциясы осы уақытта жергілікті тұрғындармен, соның ішінде қуатты атыстардың куәгері болған бұрынғы қазақстандықтармен байланысқа шықты.

Далада гүлдер жайқалып, ағаштар бүр жарып тұрғанмен соғыс қатар жүріп жатыр. Зымыранға қарсы қорғанысымыз болғаны қандай жақсы. Әйтпесе жағдайымызды елестетудің өзі қиын.

дейді Израильдің Холон қаласының тұрғыны.

Анатолий Маникин — Алматыда туған, Израильде 1994 жылдан бері тұрады. Отбасылы, ұлдары 26, 25 және 11 жаста. Қазір ол шекараның дәл жанында орналасқан Ашкелон қаласында тірлік кешуде.

"Ашкелон қазір қақтығыс жүріп жатқан тұстың нағыз ортасы. Бомбалар жиі жарылып, жұрттың есін шығарды. Неше түрлі зымырандар атқыланып жатыр. Олар елдің орталығына, Лод және Тель-Авив қалаларына ауыр зымырандар ұшырып жатыр. Ал Газа секторына дейін 7-10 шақырым. Кеше зымыран мұнай қоймасына түсіп, цистерна әлі күнге дейін жанып жатыр.

Бізді эвакуациялап жоқ. Қала мұндай жағдайға дайын, әр үйде арнайы қорғалған бөлмелер бар, дүкендерде, мекемелерде, жолдарда бассауғалайтын орын бар. Сонымен қатар, Израильдің ескерту жүйесі екі секунд ішінде ұшырылған зымыранның құлайтын нүктесін анықтайды. Тығылу үшін негізінен 30-45 секунд жеткілікті. Фирмамызда мұндай төрт орын бар және оларға жету үшін 25 секунд қана уақытымыз бар. Негізінде бұл жеткілікті уақыт. Алдын-алу жүйесі өте жақсы жұмыс істейді. Сондықтан қатты қорықпаймыз", — дейді Анатолий Маникин.

© Анатолия МАНИКИНА
© Анатолия МАНИКИНА

Алайда ол өз сөзінде жарақат алғандар аз емес екенін, мұндай жағдайға қарамастан кейбір дүкендер жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

Анатолий Маникин жұмыс істейтін зауыт Газа секторымен шекарада орналасқан
Анатолий Маникин жұмыс істейтін зауыт Газа секторымен шекарада орналасқан

Израильдің тағы бір тұрғыны Анастасия Кабанова Алматыдан үш жарым жыл бұрын отбасымен бірге көшіп барғанын айтты. Сөз арасында бұл жолғы қақтығыс Иеруссалимнің орталығынан басталып, ары қарай оңтүстіктегі Ашкелон қаласында жалғасқанын жеткізді.

Айта кетейік, әскери операция барысында екі тарап мыңнан зымыран ұшырды. Шиеленіс Газа секторымен шекаралас аудандар ғана емес, сонымен қатар Иерусалим, Тель-Авив және Израиль орталығының басқа қалаларында да жалғасып жатты.

Израильде 11 мамыр күні зымыран шабуылдарынан үш адам қаза болды. Ришон ле-Циондағы атыс кезінде бір әйел, Ашкелонда екі әйел көз жұмды. Қайтыс болғандардың арасында Үндістан азаматы бар. Сол сияқты ондаған израильдік жарақат алды.

Өз кезегінде Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф Аль-Кидра Газа секторында Израильдің әуе соққыларынан 20 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алғанын мәлім етті. Ол қаза тапқандардың арасында тоғыз бала мен бір әйел бар екенін айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров