Грузияда көз жұмған қазақстандық сексуалды құлдықтың құрбаны болуы мүмкін

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгін елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылында 26 жастағы Әсел Айтпаеваны жерлеу рәсімі өтті. Бір апта бұрын бойжеткен жұмбақ жағдайда Тбилиси қаласында көз жұмған болатын.

Грузияның Бас прокуратурасы күдіктіге қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, зорлау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу айыптарын тағып отыр. Ал, Айтпаеваның туыстары болса оны қасқана өлтірді деген пікірде. Қайтыс болған қыздың жақындары, біздің бұндай шешімге келгенімізге нақты дәлелдер бар деп отыр. Бұл туралы "Экспресс –К" жазады.

Біз оқиға болған сәттегі фотосуреттерді қарадық. Оның қалай жатқандығын, қандай киімде болғанын көрдік . Сондықтан мен оны өлтірді деген сенімдемін.

дейді марқұмның әпкесі Айна Айтпаева

Алғашында, Әсель Грузияға автокөлік сатумен айналысатын фирмада жұмыс істеу үшін барған. Бүгінгі таңда туыстары оның жұмысқа тұрамын деп алданып сексуалды құлдыққа түсіп қалуы мүмкін екенін айтады.

Аудиожазба да Әсел бір тауарды немесе затты талқылап жатқандай. Күдікті оны Шешенстан және Дағыстанға сатамын деп қорқытты. Мүмкін, оның басына түскен қайғылы жағдай, басқа қыздардың өмірін құтқарып қалды. Өйткені біздің Әсел бұл оқиғадағы бірінші адам емес деген нұсқа да бар", деп жалғастырады Айна Айтпаева.

Апайының айтуынша, Грузияға аттанар алдында туысқандары жиналып, алғашқы күндеріңе деп Әселге 550 АҚШ долларын беріпті. Алайда, ұшып барғанына бес күн өтпей, ол өзінің Оңтүстік Кореядағы жолдасынан қарызға 100 мың теңге сұрапты. Неге сұрағанын ешкім білмейді. Сондай-ақ, грузиялық кейбір БАҚ өкілдері, отандасымыз қайтыс болар алдында жергілікті полицияға жүгінген екен. Алайда, оны ешкім тыңдамаған дейді.

Әсел Айтапеваның сол түні қандай жағдайда көз жұмғанын Грузиядағы тергеу амалдары мен сот шешеді. Осыған байланысты қайтыс болған қыздың туысқандары барша қазақстандықтардан қаржылық және заңгерлік көмек сұрайды.

Біз қызымызды қайтара алмаймыз. Дегенмен оның есімі ақ болғанын және де бұл іске қатысы барлар жаппай лайықты жазаларын алғанын қалаймыз. Бізге бұл ауыртпалықмен өмір сүру қиын. Не ішкен ас бойға сміңбейді, не ұйқы жоқ. Бізге өте ауыр...

дейді Айна Айтпаева

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгін Әсел Айтпаеваның отбасы марқұмды ақтық сапарға шығарып салды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров