Көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам эвакуацияланды

Express Qazaqstan

ТЖД

Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртеніп, арнайы баспалдақ арқылы 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Экспресс К» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы Киселев көшесіндегі көпқабатты үйде пәтер өртенді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік бөліміне сағат 17:55-те хабарлама түсіп, оқиға орнына 3 техника мен 12 адам жіберілген.

" Өрт сағат 18:30-да сөндірілді. Пәтерде ас үй жиһазы мен тұрмыстық заттар жанған. Өрт кезінде 10 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Оның үшеуі бала. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады " ,- деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров