Медициналық көмек көрсету үшін 1,8 трлн теңге қарастырылады

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бөлінген қаржының 700 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жұмсалмақ.

2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК — 1,1 трлн теңге, МӘМС — 700 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Биыл біз сақтандыру қаражаты түсімдерінің болжамын 150 млрд теңгеге ұлғайтамыз. Бұл ақшаны қайда жұмсау маңызды? Пациент медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан кез келген клиникада, оның қай жерде орналасқанына және меншік нысанына қарамастан, сапалы медициналық көмек алуы тиіс. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қор 1 363 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалды, оның ішінде 688-і — жекеменшік клиника, өткен жылы олардың саны 635 болды. Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін тартылатын жекеменшік жеткізушілердің өсу үрдісі сақталуда. Бұл пациенттің ең жақсы клиниканы таңдау мүмкіндігі болмақ. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің тізімі Қордың Fms.kz сайтында жарияланған", — деп атап өтті Болат Төкежанов.

Өңірлік бөліністе жекеменшік жеткізушілердің ең жоғары үлесі — Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында: тиісінше 72%, 66% және 55%. Қостанай (30%), Ақмола (30%) облыстарында және БҚО (22%) көрсеткіштер төмен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров