Нұр-Сұлтанда кейбір тұрғын үйлерге су беру тоқтатылады

Express Qazaqstan

pixabay.com

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы кейбір тұрғын үйлерге ауыз суберу уақытша тоқтайды, деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл жайында Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналық кәсіпорны instagram парақшасында ақпарат тартаты.

Аталған кәсіпорынның мәліметінше, 13 мамырда Абай көшесіндегі құбырлардың кейбір қосалқы бөлшектерін ауыстыруға байланысты сағат таңғы 10.00-ден бастап 14.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Төменде көрсетілген мекенжай бойынша мекеме тұрғындарды ескертеді.

Тұрғын үйлер: 1. Абай даңғылы 78, 80/1, 80/2, 87/1, 87/2, 92/1, 92/2, 92/3, 95, 95/1, 95/2 2. Б.Бейсекбаев көшесі 14 3. Брусиловский көшесі 14/1, 14/2, 14/3, 18, 18/1, 20, 22, 22а 4.

А.Жұбанов көшесі 21, 21а, 23, 25, 25/1 5. Егемен Қазақстан, Изобильный, Громов, Чайковский, Брусиловский, Одесский, Волгоградский, А.Жұбанов, Минский, Циолковский, Абай, Янушкевич көшелеріндегі жеке сектордың бір бөлігі. Басқа да нысандар: 1. Абай даңғылы 86/1 (балабақша),70, 70а, 72, 80, 82, 82/1, 89, 91, 91/1, 93, 97, 99, 290 2. Кенесары даңғылы 81(№16 мектеп) 3. А.Жұбанов көшесі 16, 23/2 4. Б.Бейсекбаев көшесі 15/1.

"Тұтынушыларға алдын ала су алып қоюды ескертеміз. Сондай-ақ, ауыз су жеткізу мәселесі де қаралған. Ол бойынша 76-76-76 телефон нөмірінен анықтап білуге болады", делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров