COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 350591, ЖАЗЫЛҒАНДАР 307464, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3984


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 283 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 1 мың 811 жағдай анықталды, 16 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте 1 мың 766 адамда коронавирус анықталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 389,
Алматы қаласында — 597,
Шымкент қаласында — 82,
Ақмола облысында — 104,
Ақтөбе облысында — 87,
Алматы облысында — 216,
Атырау облысында — 75,
Шығыс Қазақстан облысында — 87,
Жамбыл облысында — 37,
Батыс Қазақстан облысында — 97,
Қарағанды облысында — 250,
Қостанай облысында — 26,
Қызылорда облысында — 30,
Маңғыстау облысында — 37,
Павлодар облысында — 109,
Солтүстік Қазақстан облысында — 35,
Түркістан облысында — 25.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 –дың барлығы 350 мың 591 жағдайы расталды.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 307 мың 464 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 791 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дан 20 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустан 3 мың 984 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігі сондай — ақ 13 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан (КВИ) емдеуді 39 мың 626 адам (39 мың 143-оң ПТР — тестімен (КВИ+) және 483-теріс (КВИ -)) алуды жалғастырып жатқанын, оның ішінде стационарларда 14 мың 124 пациент, амбулаториялық емдеуде 25 мың 502 пациент бар екенін хабарлады.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 788 пациент ауыр халде, аса ауыр халде — 183, ӨЖЖ аппаратында — 116", — делінген ақпаратта.
Бөлісу