Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Express Qazaqstan

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Экспресс К" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін. Ораза айт — бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы. Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау — барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады. Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын. Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!" -делінген Елбасының құттықтауында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров