Ақтөбеде 5 және 6 жастағы екі бала суға батып кетті

Экспресс К

ТЖД

12 мамыр күні кешкі сағат 22:29-да Бекқұл бабаб ауылының маңындағы Жаман Қарғалы өзеніне екі баланың суға кеткені туралы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түсті, деп хабарлайды «Экспресс К»

5 және 6 жастағы екі бала өзенге батып кеткен. Оқиға орнына сүңгуірлер және психологтар жетеді. Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққан. Ал сүңгуірлер 2014 жылы туған баланың денесін іздеуге кіріседі. Сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықта, 7 метр тереңдіктен 6 жастағы баланың денесі табылады. Екі бала да ата -ананың қаруынсыз қалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еекі бала бір отбасының балалары емес. Қазіргі күні балалардың суға қалай кеткені анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров