Қостанайда «ашық» жобасына 133 нысан қосылды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Пандемияға байланысты жылдан артық жабық тұрған тойханалар есіктерін айқара ашпақ. Облыста Ashyk жобасының арқасында боулингтер, караоке және банкет залдары жұмысын қайта бастайды. Осылайша, Ashyk жобасы боулинг орталықтары, караоке, банкет залдары мен компьютерлік клубтар үшін нағыз құтқарушыға айналды.

"Осы жұмада біз бір жылдан артық жұмыс істемеген караоке-барды ашамыз. Бұл мүмкіндікті бізге Ashyk жобасы ұсынды. Мен QR кодтарын тек караокеге ғана емес, отбасылық мейрамханама да алдым. Енді барлық ұжым толық құрамда жұмысқа шыға алады. Залдар елу адамға дейін қабылдай алады, ал біз түнгі сағат 02.00-ге қызмет көрсете аламыз. Бұл өте жақсы. Қаладағы қоғамдық тамақтандыру орындарының иелері де менің ойымды құптайды ғой деп ойлаймын", — дейді кәсіпкер Бақыт Бейісова.

Жобаға өңірде барлығы 133 нысан қосылды. Бұл бизнес қана емес, мемлекеттік мекемелер — театрлар, мәдениет үйлері мен концерт залдары. "86 нысан толыққанды қатысушылар болса, 47-сі тестілік режимде жұмыс істейді. Тағы 12-сі қазіргі уақытта рәсімдеуден өтіп жатыр. Өтініш бергендердің арасында ірі спорт нысандары — Орталық стадион және "Тобыл Арена" бар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров