ДДҰ басшысы коронавирусқа қарсы екпе алды

Express Qazaqstan

twitter.com / DrTedros

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебресйесус коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды «Экспресс К»

Бұл туралы ол сәрсенбі күні кешке өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Менің де вакцина алатын кезегім келді. Женевадағы Университеттік ауруханада COVID-19-қа қарсы вакцина салдырдым", — деді Гебрейесус.

ДДҰ басшысы, вакцина адам өмірін сақтайтындықтан оның барлық елде болуы өте маңызды екенін ескертті.

"Егер сіз де, мен сияқты, вакцинасы бар елде тұрсаңыз, кезегіңіз келгенде вакцина алаңыз", — деп кеңес берді Гебресйесус .

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров