Павлодар облысы түтінге тұншығып отыр

Диас АЛТАЙ

instagram.com

Павлодар облысын қара түтін басты. Көрші Ресейде орман өртеніп, түтіні Павлодар жеріне дейін жеткен деп хабарлайды Экспресс К облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Қаланы қолқаны қабатын қара түтін басқанын тұрғындар айтып дабыл қаққан. Ал, кешке қарай түтін тіптен қоюлана түсті. Жергілікті жұрттың атйуынша далада өткір иіс бірден сезіледі екен. Сондықтан кейбіреулер оны зауыттан шыққан улы зат деп қауіптенген. Алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті түтіннің жел екпінімен Ресей жақтан келіп жатқанын айтуда. Тіпті Екібастұз бен Ақсу қалаларында да қара түтін байқалған.

-"Аймақта орман өрті немесе кәсіпорындардан улы заттың ауаға таралуы болған жоқ. Казгидрометтің мәліметінше солтүстіктен жел соғып, Ресейдің Түмен облысындағы орман өртінен шыққан түтінді бізге әкеліп жатыр. Павлодар облысынан бөлек мұндай жағдай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында байқалды"-деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров