Бродвейде хит болған Turkestan әні табылды

Express Qazaqstan

Өткен ғасырдың басында Америкада хит болған Turkestan музыкалық туындысының күйтабағы АҚШ Конгресі кітапханасының мұрағатынан табылды. Бұл туралы ЭК Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Turkestan әнінің сөзін Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасын Джек Стерн (Jack Stern) жазған. Орындайтын — "American Quartet" тобы. Аталған әннің күйтабағы АҚШ Конгресі кітапханасының мұрағатынан табылды. Бұған Түркістандағы "Farab" кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде қол жеткізілген.

Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, күйтабақ 1906 немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл ән сол 1919 жылы Бродвейде хит болыпты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров