Металлургтер үшін оқыту кешені ашылды

Express Qazaqstan

Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі

Ақсулық металлургтердің біліктілігін арттыру үшін кешенді жұмыс қолға алынды. Бір ерекшелігі - оқыту виртуалдық көрініс көмегімен жүзеге аспақ, деп хабарлайды «Экспресс К»

Білім жетілдіру курсы ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауытының оқыту ғимаратында өтеді. Ол жерде металлургтердің біліктілігін арттыруға арналған компьютерлік жаттығу кешені қондырылды. Бірегей бағдарламаның мақсаты — кәсіпорын технологтарына балқыту қондырғыларының кемшіліктерін тұрақты режимде және штаттан тыс жағдайлар кезінде де басқаруға көмектеседі.

Балқытушыларға арналған "Ферроқорытпа өндірісі" деп аталатын оқыту құралы 16 жұмыс орнына есептелген. Олардың әрқайсысы екі монитормен жабдықталған. Бірінші монитор бағдарламада навигация және тапсырмаларды таңдау үшін керек болса, екіншісі — мәселелерді өз бетінше шешуге арналған қондырғының барлық параметрлеріне виртуалды басқару тетігі ретінде қызмет көрсетеді. Құны шамамен 111 миллион теңге тұратын жаңа оқыту кешенін құрастырушы украиналық "Вега плюс" компаниясы. Ал бұл компанияның ферроқорытпа өндірісін автоматтандыру саласында жарты ғасырлық тәжірибесі бар дейді мамандар.

— Тренажер жұмысшыларды зауытта жұмыс істеп тұрған ашық және жабық типтегі пештердің құрылысымен толығымен таныстырады. Кешен барлық белгілі апаттық жағдайлар мен балқыту қондырғыларының технологиялық олқылықтарын түгел модельдейді және металлургтерді мұндай нақты жағдайларды мүмкіндігінше тез және дәл жоюға үйретеді, — деді "Вега плюс" АҚ директоры Михаил Леднев.

Мамандардың айтуынша, дисплейде пешті ең ұсақ бөлшектерге дейін анықтап қана қоймай, жабдықты қосудан және шикізатты тиеуден бастап, пештен қорытпа шығаруға дейінгі технологиялық процестің барлық тізбегін модельдеуге болады екен.

— Біз әрқашан ең заманауи бағдарламалық шешімдерге негізделген кадрларды даярлау жүйесін құруға талпындық және бұдан әрі оны құрамыз да.

деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин.

Бұған дейін де кәсіпорында ферроқорытпа өндірісін жаңа деңгейге шығаратын бірқатар тың жобалар жүзеге асырылып келеді. Әлбетте бұған жоғары тәжірибелі мамандардың көмегімен жетуге болатын баса айтты компания басшысы. Сондай-ақ компанияның басты құндылығы адам. Ал маманның біліктілігін дамыту кәсіпорынның міндетті тетіктерінің бірі. Бұл ретте осындай заманауи жабдықтарды пайдалана отырып оқыту технологтарға виртуалды ортада батыл тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса нақты жұмыстағы қателіктер саны азаятынына басшылық сенеді.

Кәсіпорынның HR-блок мамандарының айтуынша, жаттықтырғыш кез-келген кәсіби санаты мен тәжірибесі бар балқытушылар үшін пайдалы болмақ. Биылғы жылы мұнда 300-ге жуық Ақсу металлургтерін оқыту және біліктілігін арттыру жоспарланған.

"ҚАЗХРОМ" ТҰК" АҚ КӨШБАСШЫ КОМПАНИЯ

Оқыту кешенінің негізі базасы боп есептелетін "Қазхром" ТҰК" АҚ

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы компания. Компания әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі екені мәлім. Сондай-ақ хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі озық компаниялардың үздігі. Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту, жоғарғы қосымша құнымен өнім шығаратын металлургиялық өндірістен тұратын тау-кен-металлургиялық кластерінің бірегей кәсіпорын. Ал енді кен орны жылына 6 млн. тонна тауарлы хром, 480 мың тонна марганец және 1,8 млн. тонна ферроқорытпа өндіріп отыр. Айта кету керек компанияның бүгінде 4 құрылымдық бөлімше-филиалдары қарқынды жұмыс істеуде. Олар Ақтөбе өңірі Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинаты, Қарағанды облысында "Қазмарганец" кен басқармасы, Павлодарда Ақсу ферроқорытпа зауыты болса, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.

ТӨРТ ҚҰРЛЫҚТА ОРНАЛАСҚАН ERG

Бүгінде жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналған Eurasian Resources Group (ERG) — әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. Осы Топ құрамына Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорынның болуы үлкен жетістік.

Мамандардың пікірінше ERG — Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды екен. Сонымен қатар, ERG — Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі, Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы, "Шұбаркөл көмір", "3-Энергоорталық" АҚ және "ТрансКом" Көлік тобы мен ERG Service.

ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC — Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Оның үстіне кәсіпорын өнімдіретін мыс пен кобальт кені Лондон металдар биржасында сатылады.

Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі
Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі

Ал компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар.

Бразилияда ERG темір кенін өндіруге мүмкіндік беретін Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда. Онда өндіру мен логистикалық кешен толық кіріктірілген. Құрамына Pedra de Ferro темір кеніші, тереңсулы Porto Sul порты мен кең жолақты FIOL темір жолы кіреді. ERG жетістіктері мұнымен тоқталған жоқ. 4 құрлыққа ат мәшһүр компания — бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың да құрылтайшы-серіктесі. Ал өз кезегінде Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров