Министр сапасыз интернет үшін арыз жазуға шақырды

Диас АЛТАЙ

©️ СЦК

Елімізде сапасыз интрнет үшін 3 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Экспресс К.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, сапасыз интернет таратқаны үшін салынатын айыппұл көлемін 1 мың АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейін ұлағайту ұсынылып, бұл құжат мәжілісте қаралып жатыр екен. Сондай-ақ министр тұрғындарды сапасыз интернет үшін тиісті операторлардың үстінен ресми шағым түсіруге шақырды.

-"Біз интернеттің сапасына көңілі толмайтын барлық халықты министрлікке немесе аймақтық байланыс инспекциясына және әкімдіктер арқылы шағым жазуға шақырамыз. Ресми арыз не үшін керек? Заң бойынша кәсіпкерлікті тексеруге мараторий жарияланған. Ал бізге тексеріс жасау үшін ресми құжат керек. Сондықтан халықтан түскен арыз-шағымды біз Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетіне тіркеп, содан кейін тексерісті бастай аламыз. Ал тексріс қорытыныдысы бойынша айыппұл сала аламыз"-деді Бағдат Мусин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров