Израиль шабуылынан 70-тен астам палестиналық қаза тапты

Экспресс К

© Reuters

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан кем дегенде 72 палестиналық ажал құшты, деп хабарлайды "Экспресс К" Dunya Al Watan порталына сілтеме жасап.

"Агрессия құрбандарының саны 72-ге жетті, оның ішінде 17 бала және 6 әйел бар, 400 — дей адам жарақаттанған ", — деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, адамдар тұншығып қайтыс болғаны анықталған. Тұрғындар улы газдан улануы мүмкін деген болжам бар. Сараптама жасау үшін зардап шеккендерден сынамалар алынды.

Денсаулық сақтау министрлігі палестиналықтардың қайтыс болуының нақты себебін атамайды.

Қазір Израиль әскерінің қолбасшылығы Газада жер үсті операциясын жүргізу жағын қарастырып жатыр.

Израильдің мәліметінше, осы уақыт ішінде ел аумағына 1,5 мыңнан астам зымыран атылып, 6 израильдік қаза тапты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров