Жаңаөзенде 130 отбасы Ақтауға көшеді

Express Qazaqstan

© ЭК

Биыл Жаңаөзеннен 130 отбасы Ақтау қаласына көшеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникаця орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлім етті.

Қала басшысының айтуынша,облыс орталығына көшуге 1596 адам өтініш берген. Бұл жұмыстарға 1,4 млрд теңге бөлінді.

2021 жылға арналған кешенді даму жоспары аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын көшіру үшін Ақтау қаласынан 130 пәтер сатып алу жоспарланған.

деді Мақсат Ибағаров.

Айта кетейік, өткен жылы Жаңаөзеннен 150 отбасы Ақтауға көшіп келген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров