Ақтөбе
Жеке клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шықты


ТЖД
Бүгін сағат 14: 12-де Пацаев көшесіндегі «Айгерім» клиникасында өрт тұтанды.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Ғимараттың ең төменгі қабатындағы он шаршы метр жер қою түтінге оранған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге 42 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. 200 адам өз бетімен сыртқа шыққан. Болжам бойынша өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін.
Бөлісу