Қазақстан
Вакцина алғандарға «Ashyq» қосымшасында «жасыл» статус беріледі


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланған азаматтарға Ashyq мобильді қосымшасында "жасыл" мәртебе беріледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Уразалина.
Вакцинация паспорты біріктіріледі. Қазіргі уақытта ЦДИАӨМ (цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі-ИФ-Қ) бірігіп техникалық жұмыстар жүргізілуде. Екі компонентпен вакцинацияланғандардың мәртебесі "жасыл" ретінде белгіленбек
Ол бұл мәртебенің бір жылға берілетінін айтты.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан азаматтарының электрондық "ковид-паспорттарын" "Ashyq" қосымшасымен 1 шілдеге дейін біріктірудің жоспарланғанын хабарлаған болатын.
"Ashyq" жобасы Қазақстанда COVID-19-ға байланысты карантиндік шектеулер кезеңінде енгізілді.э
Бөлісу