Бұқаралық коммуникация құралдары туралы заң қабылданбақ

Express Qazaqstan

© ЭК

Қазіргі қолданыстағы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның орнына Бұқаралық коммуникация құралдары туралы заң қабылданбақ, деп жазады «Экспресс К».

Бұл туралы Қостанайда журналистермен кездесуде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі заң заман талабына сай келмейді, көптеген баптары ескірген.

"Қазір жалған ақпараттың көп таралуы өзекті мәселе болып тұр. Ол мемлекеттің қауіпсіздігіне де қауіп төндіретіні ақиқат. Сондықтан, жаңа заң осы мәселені реттеуі тиіс. Заң жобасы қоғам назарына, сіздерге талқылауға ұсынылады. Артық-кем тұстарын бірге қараймыз", — деді Аида Балаева.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров