Суды аз қажет ететін дақылдар көлемі көбейтілді

Express Qazaqstan

© ЭК

Қызылордалық шаруалар 188,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артық. Бірақ күріштің көлемі 5 мың гектарға азайтылып, суды аз қажет ететін дақыл көлемі көбейтілді, деп жазады Экспресс К.

— Суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, осы арқылы егістікке пайдаланатын судың көлемі қысқарады. Ол экологиялық жағдайдың жақсаруына септігі тиеді. Көлдерге 200 миллион текше метр су жинап, суармалы жерлерді, көлдерді, шабындықтар мен жайылымдықтарды сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, — деді облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров