Шығыстағы мал қынадай қырылып жатыр (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Айдың-күннің аманында Зайсан ауданындағы Шілікті ауылының тұрғындары қорадағы малынан айырылды, деп хабарлайды «Экспресс-К»

Зайсанда төрт түлік мал белгісіз індеттен қынадай қырылып жатыр. Соңғы он төрт күннің ішінде жүздеген бас қозы мен сауын сиырлары өліп қалған. Белгісіз індет сәуір айының аяғында басталған.

"Жеке бір үйде емес. Бәр үйде сол. Бірақ келіп жатқан комиссияны көргеніміз жоқ. Ана өлген малға өтемақы бере ме, бермей ма? Мына заманда білмеймін. Соған көмек жасаса",-дейді Шілікті ауылының тұрғыны Сәуле Ысқақова.

Шіліктіліктердің жаңа туған төлдері де ауруға шалдығып, олар да ұзаққа бармады. Малдары неліктен бұндай күйге тап болғанын біле алмай ауыл жұрты сергелдеңге түскен. Малмен жан сақтап отырған ел өздігінше ем жасап жатқанымен, одан еш нәтиже шықпаған. Келеңсіз жағдайға байланысты облыстық ветеринария басқармасының мамандары түсініктеме берді.

"Жаңадан өлген қозыдан сынамалар алынды. Сол потологиялық материял облыстық зертханаға жеткізіледі. Бүгін ертең. Сонымен қорытындысы шығады. Әзіргі қорытынды бойынша ешқандай жұқпалы аурулар жоқ. Алайда, күтімсіздіктен, арықтықтан шығындар бар. Малдар өте арық болды. Сол себептен жаңадан көкке малдың аузы тиген бетте, организмдегі зат алмасу қызметінің бұзылуы сол негізінен осыған әкеліп соғады", — дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров